Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ауа райына болжам жасалды

Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
6649

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, Қазақстанда ақпан айында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр. Алайда жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады.

Келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуымен жылымық ауа температурасының күндіз солтүстік облыстарда сәл ғана, ал оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары