885
Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды
Australian Open-2024 14-28 қаңтар аралығында өтеді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Аустралияашық біріншілігіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
BasSport.kz сайтының мәліметінше, әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакина Australian Open-де де осы нөмірмен өнер көрсетеді. Ал оның қарсыласы - WTA рейтингінде 37-орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова болмақ.
Жеңімпаз Кристина Буча (Испания) — Анна Блинкова (Ресей) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Еліміздің тағы бір өкілі Юлия Путинцева іріктеуден өткен теннисшілердің бірімен кездеседі.
Australian Open-2024 14-28 қаңтар аралығында өтеді.
Қазір Елена Рыбакина Аделаидадағы WTA 500 турнирінде бақ сынап жатыр.