Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

Мамандар 50 литрлік газ баллоны жарылған деген болжам айтып отыр.

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты
Shutterstock.com

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Аққұм ауылында тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, жарылыстың күштілігі сонша баспананың қабырғалары қирап, төбесі опырылып түскен.

Оқыс оқиға кезінде үйде 5 адам болған. Үй иесінің әйелі мен екі баласы аман шығып үлгерген. Ал анасын құтқармақ болған 30 жастағы ер азаматты күйік шалып, ауруханаға түсті.

Ауылға өрт сөндірушілер келем дегенше баспананың түгі қалмаған. Мамандар 50 литрлік газ баллоны жарылған деген болжам айтып отыр.

«Тұрғын үйден 1948 жылы туған азаматшаның мәйіті шығарылды. Қазіргі таңда департаменттің анықтау бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 292-бабына сәйкес Қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық, сот-медициналық, өрт сөндіру зертханасы бойынша сараптама тағайындалды. Себеп-салдары анықталып жатыр», – деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Асхат Оразбеков.