«Неге сонша қысқа кигізесіз?»: Тұрсынбектің қызын желі қолданушылары сынға алды

Тұрсынбек Қабатовтың қызының "Барби" образын көпшілік жылы қабылдай қоймады.

«Неге сонша қысқа кигізесіз?»: Тұрсынбектің қызын желі қолданушылары сынға алды
smartnews.kz
2485

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі мен қызы билеген видеоларын жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Smart News басылымының мәлімеиінше, бейнежазбада Мөлдір Мұқанова ортаншы қызы Айым Тұрсынбекқызымен «Барби» әніне билеп жатыр. 

Видеоны бөліскен соң Мөлдір Мұқанова жүрекжарды жазба қалдырды. 

Менің анам үш апалы-сіңлілі, мен де үш қызды бірімін, алланың қалаумен өзімде де үш қыз. Осы үш қызым биылғы кезекті жобамда маған мықты көмекші болды. Үлкен қызым Әдемі қоюшы хореограф, шығармашылық ұжымды жоғары деңгейде ұйымдастыра алды, біраз персонаждардың костюмдерінің авторы, команданы да өзі жинап, мені ол жағынан алаңдатқан жоқ. Сол команданың ең кіші қатысушысы Айару қызым болды. Таңмен ерте тұрып, әр ісіне жауапты қарайтынына қуанып жүрдім, ал сахнадан биін көргенде тіпті көзімді ала алмай қалдым. Харизма, нақтылық, іс-қимылы, қабілеті жанындағы үлкен қыздардан еш кем емес расымен.  Айым өмірде де, үйде де Барби. Өзін ойнап жүргендей көрінді. Осы үш қызымды кішкентайларынан ММ орталығына би, домбыра, вокалдан қалдырмай апарып жүргенім бе, қанмен келген таланты ма, жалпы сахнадан бірнеше күнге созылған жобамда көргеніме, серіктестерім болғанына өзімді Бақытты ана сезіндім", - деп қуанышымен бөлісті. 

 

Дегенмен Тұрсынбек Қабатовтың қызының "Барби" образын көпшілік жылы қабылдай қоймады.  

Бірі "Аяқтары қалай ұзын", "Әлем аруы байқауына қатысатындай қыз екен", "Қандай сұлу қыз. Нағыз махаббаттан туған", "Сұлулығын жасырмауы керек, нағыз Барби" деп жақтаса, енді бірі "Жараспайды", "Әкесі қалайша қысқа кигізді? Тәрбие бермеген бе?", "Неге сонша қысқа кигізесіз?", "Барби деген нәзік үзіліп сызылып тұрады емеспе. Ораң сораң етіп емес" деп қатаң сынға алды. 

Серіктес жаңалықтары