Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды
ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша, Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Брисбенде Арина Соболенкомен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Хобартта негізгі турнирге жолдама алды.