СҚО-да тағы бір үйде газ жарылып, 2 адамды күйік шалды

Оқыс оқиға 5 қаңтар күні болған.

СҚО-да тағы бір үйде газ жарылып, 2 адамды күйік шалды
СҚО ТЖД

Бексейіт ауылында газ баллоны жарылып, 83 жастағы әйел мен оның 21 жастағы немересін күйік шалды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қаңтар күні болған.

"Сағат 19.43-те Мамлют ауданының № 15 өрт сөндіру бөліміне 27 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Салдарынан екі шаршы метр алаңда төбенің тартпасы жанған. Екі адам — 1940 жылы туған әйел және оның 2002 жылғы немересі күйікпен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, тұрғындар газ аспаптарын дұрыс қолданбайды, қауіпсіздік ережесін сақтамайды.