Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойған.
Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның біреуі ұл бала болса, екеуі қыз бала.
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.
Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.
Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.
Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.
Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.
Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.
Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.
Абсаттар Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білген. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіздер болуы мүмкін екенін болжаса, 8-ші аптада үшем екенін растады.