БАҚ: Трамптың күйеу баласы ресейлік елшімен кездескен

БАҚ: Трамптың күйеу баласы ресейлік елшімен кездескен

БАҚ: Трамптың күйеу баласы ресейлік елшімен кездескен
ашық дереккөзі
265
АҚШ президенті Дональд Трамптың аға көмекшісі қызметіндегі күйеу баласы Джаред Кушнер ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Майкл Флиннмен бірге АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кислякпен кездескен. Бұл туралы The New York Times газеті жазды.
Басылым дереккөзінің мәліметі бойынша, кездесу Нью-Йорктегі Трамп-тауэр мұнарасында өткен жылы желтоқсанда, Трамптың ресми түрде қызметке кіруі қарсаңында өткен. Газет өтпелі штаб өкілдерінің шетелдік шенеуніктерімен кездесуіне тыйым жоқ екенін жазды, бірақ бұл кездесуге Ресейдің АҚШ-тағы сайлауларға араласуын тергеуге байланысты ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы аптада The Washington Post газеті сенатор Сешнстің ресейлік елші Кислякпен екі мәрте кездескені туралы жазды. Басылым мәліметі бойынша, кездесулердің бірі өткен жылы қыркүйекте өткен, шамамен сол уақытта америкалық сайлау жүйесіне кибершабуыл жасалғаны анықталған еді. Кейін оны Ресей жасады деп айыптады. Сешнсті Әділет министрі етіп тағайындауға қатысты сенат отырысында ол бұл кездесу туралы ештеме айтпаған. Сешнстің ресейлік билік өкілдерімен байланысы туралы мақалалардан соң Өкілдер палатасындағы демократтар жетекшісі Нэнси Пелоси оның оставкаға кетуін талап етті. Биыл ақпанда президенттік ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн жұмыстан кетті, оның Вашингтонда ресейлік елшімен телефон арқылы Ресейге қарсы санкцияларды талқылағаны әшкере болған.

Серіктес жаңалықтары