1190
Шетелдіктер бұдан былай туристік жарнаны төлемейді
Өзгерістер 9 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Елге келген шетелдіктер бұдан былай туристік жарнаны төлемейді, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады», – делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.
Өзгерістер 9 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.