Талдықорғандағы төбелеске қатысқан тағы 5 адам ұсталды

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Талдықорғандағы төбелеске қатысқан тағы 5 адам ұсталды
Видеодан алынған кадр

Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде 1 қаңтар түнде төбелескен тағы бес қатысушыны ұстады.

Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеті мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.

Еке салсақ, 30 желтоқсанға қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде Жаңа жыл мерекесінің құрметіне арналған жиын төбелеске ұласқан болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.