982
8 облыстағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
- Ақмола облысы – 14 учаске
- Жамбыл облысында – 1 учаске
- Жетісу облысында – 1 учаске
- Қарағанды облысында – 3 учаске
- Қостанай облысында – 5 учаске
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске
- Түркістан облысында – 1 учаске
- Ұлытау облысында – 1 учаске
Көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.