Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады
Алексей Куденко / РИА Новости

Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

 

«Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында тұрақты түрде аудит жүргізіледі. Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ тәжірибесіне сай «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан» қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді», - деді Смадияров.

Айтуынша, Қазақстан қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанады.

Естеріңізге сала кетейік, «Талибан» қозғалысы 1986-87 жылдары басталған. Әлемнің көптеген елінде тыйым салынған террористік ұйым деп танылды. «Талибан» Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы америкалық әскерлер елден шығарылғаннан кейін қозғалыс билікке қайта оралды.