3 облыстағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында – 1 учаске
1.«Самара-Шымкент» автожолында 844-965 км, «Аманат» кемпингінен-Қарабұтақ ауылына дейін. – 121 км.
Алматы облысында – 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 59-143 км, Жаңакұрылыс ауылынан - Жамбыл облысының шекарасына дейін – 84 км.
Жамбыл облысында – 2 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 159-238 км. Кенен ауылынан - Қайнар ауылына дейін - 79 км.
2.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 143-214 км, Алматы облысының шекарасынан - Қордай ауылына дейін – 71 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 272 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.