Ақмола облысында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Полицейлердің айтуынша, апат "Астана-Петропавл" автожолында болған.

Ақмола облысында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Ашық дереккөз
791

25 желтоқсанда Ақмола облысындағы тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы болды - бес көлік соқтығысты. 

Апат орнында түсірілген кадрларды Shchuchinsk_life Instagram-парақшасы жариялады. 

Ақмола облысының Полиция департаменті бұл жарияланымға пікір жазып, болған оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады. Полицейлердің айтуынша, апат "Астана-Петропавл" автожолында болған. 

"Бұған дейін Газель маркалы автокөліктің жүргізушісі бұзылуына байланысты жолдың оң жақ шетіне тоқтаған. Одан әрі Газельге Volkswagen Polo маркалы автокөлігі соғылған, оның тізгінінде Астана тұрғыны болған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Кейіннен осы көліктермен ілеспе бағытта келе жатқан тағы үш көлік соқтығысқан", - делінген құқық қорғау органдарының хабарында. 

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. 

"Полицейлер жүргізушілерді жол бойында қырағылық пен сақтық танытуға шақырады және ауа райының қиын жағдайларын ескеруді ұмытпаңыз: жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және бүйірлік аралықты сақтау", - деп қорытындылады ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары