"Үйде жалғыз қалғанда – 2" фильміндегі 5 қабатты зәулім үй сатылымға шықты

Фильмде Маколей Калкин осы үйде өзін қарақшылардан қорғайды.

"Үйде жалғыз қалғанда – 2" фильміндегі 5 қабатты зәулім үй сатылымға шықты
сурет: nypost.com

"Үйде жалғыз қалғанда – 2" фильмі арқылы танымал болған Манхэттендегі 5 қабатты зәулім үй сатылымға шығарылды. Бұл туралы New York Post хабарлады. 

Жарнамада үйдің бағасы 6,7 миллион доллар деп көрсетілген.

Айта кетейік, бұл үй 19 ғасырда салынған. Ал Фильмде Маколей Калкин осы үйде өзін қарақшылардан қорғайды. Үйдің 4 жатын бөлмесі, 5 жуынатын бөлмесі, жертөлелері бар.