Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары белгілі болды
Америкалық Youtube арнасының авторы SerEbro EnlosDeportes қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары туралы айтты, деп жазады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Шавкат Рахмоновтың тобығына ота жасалатындықтан, ол кем дегенде алты-жеті ай алаңға шықпайды. Мен спортшы рингке жазда оралады деп шамалап отырмын. Бірақ Шавкатқа асығудың қажеті жоқ: ол ота жасатып, Белал Мұхаммад пен Леон Эдвардстың жекпе-жегін тамашалап, содан кейін жеңімпазбен кездесе алады», - дейді арнаның авторы.
Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке емделмеген жарақатымен шыққанымен, қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңе алды.