Әли Оқапов қазанда болған оқиғадан кейін денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол ауырып қалғандықтан, денсаулығына көңіл бөліп жүргенін жеткізді.

Әли Оқапов қазанда болған оқиғадан кейін денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол ауырып қалғандықтан, денсаулығына көңіл бөліп жүргенін жеткізді.

«Кейінгі кезде иммунитетім төмендеп, ауырып қалдым. Бірақ қазір ауыратын уақыт емес. Денсаулығыңызды сақтаңыз. Қазір емделу үшін көп ақша керек. Енді дәріханаларды аралап, дәрігер тағайындаған дәрілерді алып жүрмін. Негізі, қазанда болған оқиғадан кейін жүйкем сыр берді. Ауырып, аяғыма тұра алмай қалған кезімде отбасым мені Таиландқа алып кетті. Ол жақта біршама жеңілдеп, жұмысқа қайта оралдым. Бірақ елге оралғаннан кейін жағдайым қайта күрт нашарлады. Мұның бәрі жағдайды әлі ұмыта қоймағаннан деп ойлаймын» деп жазды ол. 

Өнер иесі елге келген бойда жұмысына кірісіп кеткен. Түсірілім, жоба, гастрольдік сапар көбейіп, бәріне қатысқан.

 «Іштей 20 желтоқсанға дейін шыдауым керек деп ойлап жүрген едім, тура ойымдағыдай болып, 20 желтоқсаннан кейін дертім қайта асқынды. Бірақ бұдан да ауыр дертті көргенмін, сондықтан бұл ештеңе емес. Қазір жағдайым жақсы. Шағымданып жатқан жоқпын, оның үстіне әлеуметтік желіде шағымын айтатындарды ұната бермеймін. Мен осындай жұмысымның барына шүкіршілік етемін, себебі әрбір концертте адамдардың қолдауын естимін», - деді Әли Оқапов.