Рудныйда полицейді көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды

Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды.

Рудныйда полицейді көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды
polisia.kz
855

Рудныйда полиция қызметкерін көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды,  деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше,  22 желтоқсан күні Корчагин көшесінде Тoyota жүргізушісі мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтады. 

«Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.  Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен», – делінген хабарламада.

Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды.  Қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ПД жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары