Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей үйленді

Ұзақ өмір сүру орталығында бір-бірін тапқан жұп заңды некесін де қиған.

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей үйленді
otyrar.kz

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді. Тіпті олар заңды некесін де қиған екен, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар», - дейді 72 жастағы Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

«Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкентте 3 белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді», - дейді Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.