Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе рейсін ашуға келісті

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе рейсін ашуға келісті
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті шешімге Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.

 Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.