"Психологтармен жұмыс істедім": Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов әуесқой боксқа неліктен оралғанын айтты

Бекзад биыл Қазақстан Спартакиадасының финалында Нұрбек Оралбайға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

"Психологтармен жұмыс істедім": Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов әуесқой боксқа неліктен оралғанын айтты
Olympic.kz
1017

Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов кәсіби бокстан әуесқойлар арасына қайта оралу себебін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Әуесқой боксқа қайта оралуымның бірнеше себебі бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы - еліміздің намысын ірі жарыстарда қорғағым келді. Сондықтан қайта оралдым.

Әрине, кәсіби бокстан түбегейлі кеткенім жоқ. Ол жақта да алатын асуым, шығар биігім бар.

Ал Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң қатарға қосылу оңай болмады. Психологтармен жұмыс істедім. Бапкерлерім көмектесті.

Токио ойындары мен үшін үлкен сабақ болды",  – деді Нұрдәулетов. 

Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы. Ол биыл Қазақстан Спартакиадасының финалында Нұрбек Оралбайға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

Серіктес жаңалықтары