Көктайғақ, қатты жел: 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 21 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Көктайғақ, қатты жел: 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ашықдереккөз

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде солтүстікте және шығыста қатты қар жауады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста — бұрқасын, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі», - деп жазды синоптиктер.