Туризм және спорт министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Роллан Серіков дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді көрсету және басқа да мәселелерге жетекшілік ететін болады.
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып Роллан Серікұлы Серіков тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Роллан Серіков 1979 жылы Семей облысында туған. PhD докторы. Үйленген, 2 баласы бар.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз университетін) тәмамдаған.
Әр жылдары жоғары оқу орындарында оқытушы, басқарма басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарды.
2017-2020 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы.
2021-2023 жылдары – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (Астана қаласы), Qazaq kuresi қауымдастығында басшылық қызметте жұмыс істеді.
Спорт, құрылыс, жылжымайтын мүлікті басқару және басқа да салаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Қоғамдық қызметте «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының үйлестірушісі (2015 жылдан), «Адал білім» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің сарапшысы (2019 жылдан) болған.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2019 ж.), «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.) марапатталған.
50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.
Еуропалық экономикалық мектепте (Рим, Италия, 2012 жылы), Орталық Чехия университетінде (Прага, Чехия, 2013 жылы) тағылымдамадан өткен.
Роллан Серіков дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді көрсету және басқа да мәселелерге жетекшілік ететін болады.