«Астана хабы – мемлекеттік қызметті дамытудың бірегей тұғырнамасы»

«Астана хабы – мемлекеттік қызметті дамытудың бірегей тұғырнамасы»

«Астана хабы – мемлекеттік қызметті дамытудың бірегей тұғырнамасы»
ашық дереккөзі
239
Донг Кёк КИМ, Корея Республикасы Персоналды басқару министрі осылай дейді.     Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Корея Республикасы Персоналды басқару Министрі Донг Кёк Киммен кездесті. Кездесу барысында Алихан Байменов Корея Республикасы мен Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдерін қоса алғанда 36 мемлекет қатысатын Астана хабы арасындағы ынтымақтастықтың белсенді дамып отырғанын атап өтті. «Хаб аймақ елдері үкіметтеріне мемлекеттік қызметті дамытуға ғана емес, озық тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді таратуға да қолдау көрсетеді», - деді Алихан Байменов. Ким мырза білім мен тәжірибе алмасудың халықаралық тұғырнамасы ретіндегі Хабтың қызметіне жоғары баға беріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. «Хаб - мемлекеттік қызметті дамытуда бірегей әрі пайдалы тұғырнама.  Біз осы алаңда өз тәжірибемізбен басқа аймақ елдерімен бөлісуге даярмыз және сол арқылы жаңа тәжірибе жинақтағымыз келеді», - деді Ким мырза. Кездесу барысында тараптар Астана хабы ауқымында Корея Республикасы тәжірибесі негізінде бірлескен тақырыптық зерттеулер мен Хаб қатысушы елдері мемлекеттік қызметкерлерінің әлеуетін арттыру бойынша шаралар өткізу, сарапшылар желісін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен бірге олар адам ресурстарын дамыту, инновациялық жобаларды енгізу, талант-менеджмент пен мемлекеттік қызмет құндылықтары жүйесін дамытуға байланысты пікір алмасты. Корея Республикасы – аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуда институционалды алаң саналатын Астана хабының белсенді қатысушысы  және құрылтайшыларының бірі.    

Серіктес жаңалықтары