Жоғары аудиторлық палата «Қазсушардың» жұмысын сынады

Палата төрайымы «кәсіпорынның қаржылық жағдайы орнықсыз» деген қорытынды жасалғанын айтты.

Жоғары аудиторлық палата «Қазсушардың» жұмысын сынады
сурет ашық дереккөзден алынды

Мәжілістің жалпы отырысында су ресурстарын тиімді басқаруға жүргізілген аудит қорытындысын талқылау барысында Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова «Қазсушар» мекемесінің жұмысына сын айтты.

Әр аудит сайын кімнен жауап аларымызды білмейміз. Өйткені Жоғары аудиторлық палатаның әр отырысына «Қазсушар» мен Су ресурстары комитетінен түрлі басшы келіп тұрады, жауап алатын адам жоқ. Міне, сондықтан «кәсіпорынның қаржылық жағдайы орнықсыз» деп қорытынды жасауға болады. Ұйымға қаржылық тұрақтылық жағынан да, ұйымдастыру жағынан да кешенді шаралар қолдану қажет, – деді Наталья Годунова.

Төрайымның сөзінше, оның сөзінше, палата 5 жылдың ішінде су ресурстары саласына 3 рет аудит жүргізген.

Шынымен де, «Қазсушардың» жағдайы стандарттан тыс болып тұр. Таза қаржылық формулалар бойынша есептесек, компанияның қаржылық орнықтылығы 98 пайыз деп шығады. Соның өзінде кәсіпорынның бүкіл табысының 48 пайызы республикалық бюджеттен түседі.Тек 52 пайызы ғана тұтынушыларға су берудің ақысынан кіреді. Яғни, мекеменің қаржылық орнықтылығы алдамшы. Өйткені көрсеткіштер кәсіпорын шотындағы қолма-қол қаржы қалдықтары есебінен туындап отыр. 2023 жылғы 1 маусымда жүргізілген аудит сәтінде шотта қалған қолма-қол қаржы 18,9 млрд теңге немесе бүкіл ақшалай қаржының 57 пайызы болған. Бұл қаражат 2018 жылдан бері жинақталып отырған, – деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.