Ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

20 желтоқсанда Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Фото: egemen.kz
779

Астанада және еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, 20 желтоқсанда Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында боран соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Түнде және таңертең Қызылорда облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман болады.  Түнде облыстың орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Атырауда түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде таңертең және түстен кейін боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз боран болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Алматыда түнде тұман түседі. Қонаевта батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/с. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  облыстың солтүстігінде, батысында 25 м/с. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с дейін жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с.

 

Серіктес жаңалықтары