Темекі өнімдерін шекарадан заңсыз өткізгендер мемлекетке 7,3 млрд теңге қайтаратын болды

/
Темекі өнімдерін шекарадан заңсыз өткізгендер мемлекетке 7,3 млрд теңге қайтаратын болды
istockphoto.com

Прокуратура сот актілерінің заңдылығына тұрақты қадағалауды жүзеге асырып, қылмыстық процестің барлық кезеңдерінде мемлекеттің мүдделерін тұрақты түрде қорғайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот контрабандалық тауарлардың құнын өндіріп алу мәселесінің дұрыс шешілмеуіне байланысты прокуратура енгізген наразылықты қанағаттандырды.

Анықталғандай, 2024 жылдың қаңтарынан тамызына  дейін, сотталған он адам, алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен әрекет ете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы темекі өнімдерін кедендік бақылаудан жасырып, бірнеше рет өткізген. Тауардың жалпы құны 7,3 млрд теңгені құраған.

Сот үкімімен кінәлі адамдар экономикалық контрабанда жасағаны үшін сотталған. Алайда мемлекетке келтірілген залал өндірілмей қалған.

Наразылықты қарау нәтижесінде кассациялық сот сотталғандардан мемлекет кірісіне 7,3 млрд теңгеден астам қаражатты ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынған қаражаттың бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары