Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкініп, 118 адам қаза тапты

Ресми мәліметке сүйенсек, 6,2 балдық дүмпу тіркелген. АҚШ Геологиялық зерттеулер институты (USGS) жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 деп бағалады.

Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкініп, 118 адам қаза тапты
сурет: Euronews және AP, AFP
1465

Сейсенбіге қараған түні Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкініп, 118 адам қаза тапты, деп жазды Euronews елдегі мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері Бейжіңнен оңтүстік-батысқа қарай 1300 км жерде, Цинхай провинциясымен шекаралас Ганьсу провинциясында тіркелді.

Ресми мәліметке сүйенсек, 6,2 балдық дүмпу тіркелген. АҚШ Геологиялық зерттеулер институты (USGS) жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 деп бағалады.

 

Серіктес жаңалықтары