Абай облысында орманшыларға жаңа көліктер берілді

Орманшыларды көлікпен қамтамасыз ету келер жылы да жалғасады.

Абай облысында орманшыларға жаңа көліктер берілді
Baq.kz

«Семей орманы» табиғи резерватының автопаркі жаңа техникалармен толықты. Шағын өрт сөндіру кешені саналатын, жол талғамайтын 14 «УАЗ» автокөлігі орман шаруашылықтарына табыс етілді.

Жазда 63 мың гектар қарағайлы орман отқа оранғанда 20-ға жуық өрт сөндіру машинасы істен шыққан еді. Сол кезде табиғи резерваттағы көліктердің 40%-тен астамы тозып тұрғаны айтылған болатын. Осы түйткілді мәселені шешу үшін мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Орманшыларды көлікпен қамтамасыз ету келер жылы да жалғасады.

Мына техниканың ерекшелігі, ең бірінші, жылдамдығы. Өрттің 97%-і найзағайдан болады. Найзағай түсе қалғанда жылдам шығып, жылдам өшіруге, сондай қарулармен жабдықталған. Осындай көлік болған. Бірақ өте аз болды. Енді 6 көлік қана болды. Қазір, міне, келіп жатыр, - деді «Семей орманы» табиғи резерваты бас директорының орынбасары Ғани Алпысшалов.