1301
Әлемде коронавирус қайта күшейіп жатыр
Эпидемиологтар алаңдауға еш негіз жоқ дейді
Әлем елдерінде COVID-19 инфекциясы қайта белең ала бастады, деп жазады turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Канаданың Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында ауру өршіп тұр. Мұнда 1 аптада 9 мың жағдай тіркелген, оның 19-ы өліммен аяқталып отыр дейді мамандар.
Ал Сингапурда бір апта ішінде 56 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 75 пайызға көп. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды ғимарат ішінде бетперде тағып жүруге шақырды.
Германияда да осыған ұқсас жағдай. Мұнда соңғы 1 аптада коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 27 мыңға жеткен. Эпидемиологтар алаңдауға еш негіз жоқ дейді.