Махмұд Сабырхан Астанадағы бокс кешінде кубалық боксшыны жеңді

57 келіге дейінгі салмақта өткен, 6 раундқа созылған жекпе-жекте Махмұд Сабырхан кубалық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Махмұд Сабырхан Астанадағы бокс кешінде кубалық боксшыны жеңді
Фото: vesti.kz

Астана өтіп жатқан «IBА Сhampions Night» бокс кешінде Махмұд Сабырхан кубалық Роландо Мартинеспен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz

57 келіге дейінгі салмақта өткен, 6 раундқа созылған жекпе-жекте Махмұд Сабырхан кубалық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. 

Айта кетейік, бұған дейін бірінші болып шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай екі дүркін Азия чемпионы, өзбек боксшысынан басым түскен болатын.