«Чемпиондар түні»: Санжар Ташкенбай өзбек боксшысын жеңді

Санжар Ташкенбай – қазіргі әлем чемпионы. Ал қарсыласы Нодиржон Мирзахмедов Азияның екі дүркін чемпионы атанған.

«Чемпиондар түні»: Санжар Ташкенбай өзбек боксшысын жеңді
Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Астанадағы «Чемпиондар түні» бокс кешінде өзбек боксшысы Нодиржон Мирзахмедовпен жекпе-жек өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесу үш минуттан 6 раундқа жоспарланған болатын. Тартысты жекпе-жек Санжар Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды. Есеп – 3:0.

Айта кетейік, Санжар Ташкенбай – қазіргі әлем чемпионы. Ал қарсыласы Нодиржон Мирзахмедов Азияның екі дүркін чемпионы атанған.