1015
Археологтар Колизей маңынан 2 000 жылдық тарихы бар ғажайып үйдің қалдығын тапты (ВИДЕО)
Біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың екінші жартысынан біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың соңына дейін салынған сәнді резиденцияны Мәдениет министрі Дженнаро Санжулиано "таптырмас қазына" деп сипаттады.
Археологтар Колизей маңынан 2 000 жылдық тарихы бар бірегей үлгідегі үйдің қалдықтарын тапты. Италияның мәдениет министрлігі бұл олжаға "таптырмас қазына" деп баға берді. Бұл туралы Euronews.com жазды.
Жақында италиялық археологтар Римдегі әйгілі Колизейден алыс емес жерде "бұрын-соңды кездеспеген", қабырғасы мәрмәр және қымбат шыны мозаикамен өрнектелген таңғажайып, бірегей үйдің қалдығын тапты.