Газа секторынан барлық қазақстандық эвакуацияланды – Мұрат Нұртілеу

СІМ Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, 127 адамды, оның ішінде отбасы мүшелерін Отанына қайтарды.

Газа секторынан барлық қазақстандық эвакуацияланды –  Мұрат Нұртілеу
Ақорданың баспасөз қызметі
907

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Газа секторынан қазақстандық азаматтарды эвакуациялау қалай өткенін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың едәуір бөлігі Газа секторының аумағында тұратындығын назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде соғыс қимылдары аймағынан эвакуациялық рейстер ұйымдастырды және олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, 127 адамды Отанымызға әкелуді ұйымдастырды, - деді Мұрат Нұртілеу.

Оның айтуынша, Газада Палестина азаматтары болып саналатын  бір қазақстандық және оның 10 отбасы мүшесі эвакуациядан өз еркімен бас тартқан.

Министрлік пен шетелдік мекемелер жағдайды бақылауды жалғастыруда және егер қазақстандықтардан әкетуге өтінімдер келіп түссе, эвакуациялауға дайын. Сондай-ақ, Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан бір миллион АҚШ доллары және 38 тонна гуманитарлық жүк мөлшерінде гуманитарлық көмек жібергенін еске салғым келеді. Бұл азық - түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылар және т.б., - деп атап өтті Сыртқы істер министрі.

М. Нұртілеу өз Отанымызға сәтті эвакуациялау және гуманитарлық жүкті жеткізу Қазақстан Республикасының тартылған мемлекеттік органдары мен шетелдік мекемелерінің бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада қазақстандық биліктің алғашқы эвакуациялық борты Отанына 99 азаматты, оның ішінде 59 Қазақстан Республикасының азаматы мен 40 шетелдік отбасыны сәтті жеткізген болатын. Екінші рейс 11 желтоқсанда Египеттен оралды, ол Астанаға 28 адамды, оның ішінде 8 Қазақстан азаматын және 20 Палестина отбасы мүшесін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары