Матчтан кейін қоқыс жинаған елордалық жанкүйерлер жұртты сүйсінтті

Тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері, елорданың барлық жанашыр тұрғыны қосылды.

Матчтан кейін қоқыс жинаған елордалық жанкүйерлер жұртты сүйсінтті
Фото: gov.kz

Бүгін футзалдан Қазақстан мен Нидерланд құрамасының ойыны аяқталғаннан кейін жанкүйерлер мен еріктілер тобы бірден қоқыс жинауға кірісті. Олардың мұндай қадамы осыған дейін де жұрттың ыстық ықыласына бөленген, деп хабарлады  turkystan.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Кадрлардан жанкүйерлердің, еріктілердің, сондай-ақ Астананың барлық белсенді тұрғындарының әрекетін көруге болады. Олар футзалдан Нидерланд еліне қарсы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі-2024 матчынан кейін қағаз және пластик стақандарды, тәтті-дәмділердің орамдарын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.

Тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері, елорданың барлық жанашыр тұрғыны қосылды.