Батыр Жүкембаев франциялық қарсыласы Мохаммед Мимунды жеңді

Он раундқа созылған айқас Плант-Ситиде (Флорида) өткен бокс кешінің басты оқиғасына айналды.

Батыр Жүкембаев франциялық қарсыласы Мохаммед Мимунды жеңді
instagram.com/batyr_jukembaev

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Мохаммед Мимунды (23-6, 4 КО) жеңді, деп хабарлады turkystan.kz Шредингер спорты Telegram арнасына сілтеме жасап.

Он раундқа созылған айқас Плант-Ситиде (Флорида) өткен бокс кешінің басты оқиғасына айналды.

Оның алдында WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) жартылай орта салмақтағы аймақтық титул үшін талас болды.

Қазақстандық боксшы үшін бұл — АҚШ-тағы үшінші жекпе-жек.