Қазақстандық спортшы биатлоннан IBU кубогінде күміс жүлде алды

Ерлер арасындағы он шақырымдық спринт додасында Куралес мәреге екінші болып келді.

Қазақстандық спортшы биатлоннан IBU кубогінде күміс жүлде алды
Фото: olympic.kz

Бүгін Италияның Риднаун қаласында өткен биатлоннан жасөспірімдер арасындағы  IBU кубогінде қазақстандық Вадим Куралес жүлдеге ілікті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасындағы он шақырымдық спринт додасында Куралес мәреге екінші болып келді. 

Алтын медальді хорватиялық Матия Легович иеленсе, қоланы польшалық Марцин Завол еншіледі. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық биатлоншылар үшін маусымның алғашқы медалі болып саналады.