Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңге.

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ашық дереккөз

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған. 

«Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты», - делінген ҚМА хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. 

«Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, ҚМА Insider Телеграм-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - деп ескеретеді агентті өкілдері.