Алматылық оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Алматылық оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
inbusiness.kz

Алматыда қатты аязға байланысты 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес 13-14 желтоқсанда қолайсыз ауа райы жағдайы күтілетінін хабарлайды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай 13-14 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді»,- делінген Алматы қаласы білім басқармасының хабарламасында.