1254
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Анталия (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.