Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Астанада 10 желтоқсан күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -27-29 °C, күндіз -21-23 °C.

11 желтоқсанда көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады деп болжанады. Желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -29-31°C, күндіз -25-27°C.

12 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35°C, күндіз -28-30°C.

Алматыда 10 желтоқсан күні көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 1 м/с. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз -5-7°С.

11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз -5-7°С.

12 желтоқсанда бұлтты, қар жауады, кей уақытта қалың қар жауады. Желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз -8-10°C.

Шымкентте 10 желтоқсан күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Желдің жылдамдығы 1 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз -5-7°С.

11 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз 0-2°С.

12 желтоқсанда көшпелі бұлтты, қар жауады, кей жерлерде қалың қар жауады. Желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -11-13°C төмен болады.