Жанқош Тұраров жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді (ВИДЕО)

Ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында дүбірлі бокс кеші өтеді

Жанқош Тұраров жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді (ВИДЕО)
Ашық дереккөз

Бірінші орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) Алматыда ертең өтетін жапониялық Акихиро Кондомен (37-11-2, 21 KO) қарсы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ертең, яғни 10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында дүбірлі бокс кеші өтеді. Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белдіктерін сарапқа салады.