Жүк тасымалының көлемі 22 пайызға өсті

Транзиттік тасымалдауда да оң динамика байқалады.

Жүк тасымалының көлемі 22 пайызға өсті
Сурет: primeminister.kz

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, елімізде жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев баяндады.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, республика бойынша жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық.

Отандық операторлардың үлесі – 42%. Транзиттік тасымалдауда да оң динамика байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға – 2,5 млн тоннадан 3,6 млн тоннаға дейін өсу байқалады.

Негізгі көлем Қытай еліне тиесілі – бұл бағытта жүк тасымалы екі есеге өсіп, 1,5 миллион тоннаға жетті. Сонымен қатар Қытайдан Еуропаға транзиттік жүк көлемін одан әрі ұлғайту үшін үлкен әлеует бар. Егер ағымдағы динамика сақталса, 2029 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит деңгейі 5 есеге артады, бұл ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді, – деді Сәтжан Аблалиев.

Үкімет отырысында автокөлікпен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту, педагог мамандарды даярлау мәселелері қарастырылып жатыр.