1182
Нұрасыл Төлебек бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Нұрасыл Төлебек бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Ереванда өткен әлем чемпионатының ақтық сынында үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы әлем чемпионатында төрт алтын, бес қола медаль алды.