Астанада аялдама әйнегі құлап, 2 адам жарақаттанды

Екі адам бірден ауруханаға жеткізілген.

Астанада аялдама әйнегі құлап, 2 адам жарақаттанды
Видеодан кадр

Олар шұғыл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, видеодан автобус аялдамасы әйнегінің қатты желден ықтап тұрған 2 адамның үстіне құлағанын байқауға болады.

Оның бірі орнынан тұра алмай қалды.

Екі адам да бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілген.

«Жан-жақты тексеріп қарау және тексеру негізінде жарақат алған пациент стационарға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Қазіргі уақытта жедел ем тағайындалды. Екінші пациент аумақтық тіркелу орны бойынша қалалық емханаға амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді осы оқиға қатысты мән-жайды түсіндірген қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.