2024 жылдың басында бүкіл әлем бірнеше апта бойы интернетсіз қалуы мүмкін – ғалымдар

11 жылда бір рет Күнде "күн максимумы" құбылысы болады.

2024 жылдың басында бүкіл әлем бірнеше апта бойы интернетсіз қалуы мүмкін – ғалымдар
Сурет: unilad.com / Andy Lyons

Ғалымдар 2024 жылдың басында күн бетіндегі күшті жарылыстардың салдарынан бүкіл әлем бірнеше апта бойы интернетсіз қалуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

11 жылда бір рет Күнде "күн максимумы" құбылысы болады. Сөйтіп, бетінде қара дақтар пайда болады. Соның салдарынан қуатты жарылғыш энергия толқыны туады.

Бұдан пайда болған магнит дауылы жердегі спутниктерді бұзып, байланыс пен навигациядан айыруға қабілетті.