Бокстан ӘЧ: Аяжан Сыдық чемпион атанды

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған

Бокстан ӘЧ: Аяжан Сыдық чемпион атанды
sports.kz

Қазақстандық боксшы Аяжан Сыдық Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына байлады.