Әлем чемпионаты: қазақстандық 4 боксшы финалға шықты

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған

Әлем чемпионаты: қазақстандық 4 боксшы финалға шықты
Ашық дереккөз

Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан бокстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасынан 4 боксшы шаршы алаңға шығады, деп жазды turkystan.kz.

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.

3 желтоқсанда Қазақстан сапынан: Аяжан Сыдық (54 кг) Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен, Толғанай Қасымхан (60 кг) ресейлік Кира Леоновамен, ал Айсұлу Мұхит (66 кг) румындық спортшы Амалиа Тугуимен жұдырықтасады.

4 желтоқсанда ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 54 келіге дейінгі санатта Нұрасыл Төлебек үндістандық Джатинмен кездеседі.