Әуежайда балағат сөз айтқан ер адам үш айға сотталды

Ол әуежай қызметкерімен жанжалдасқан

Әуежайда балағат сөз айтқан ер адам үш айға сотталды
shutterstock.com
1440

Ұлыбританиялық турист әуежайдағы оқиғадан кейін Дубай түрмесінен бір-ақ шықты. Саяхатшының анасына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны бермеген соң жанжал басталған. Ол әуежай қызметкерімен жанжалдасқан, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Саяхатшы өзі сұраған кезде бермей, басқа біреулерге арбаны беріп жатқанын көргенде жанжал ушыға түскен. Осы кезде ол әуежай қызметкерін балағаттаған.

Аталған оқиғаға байланысты әуежай қызметкеріне дөрекі сөйлегені үшін ер адамға қатысты қылмыстық қудалау басталған. Оған 10 мың дирхам (шамамен 1 250 000 теңге) айыппұл тағайындалған. Ұлыбританиялық азамат сотқа барып, үкімге шағымданған. Осы әрекеті үшін оны үш айға қамап тастаған.

Серіктес жаңалықтары