Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.

Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты
ng.kz

Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілшіге облыстық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.

«Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша соталды тергеу басталды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.